Русский Сайттың толық нұсқасы

Сайлау науқаны басталғалы Елорда да Ж. Ахметбековты қолдауға 11 мыңға жуық парақша таратылған

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2019
  • 3645

Сайлау науқаны басталғалы Елорда да Жамбыл Ахметбековты қолдауға 11 мыңға жуық парақша таратылған. Үгіт жұмыстарының алғашқы аптасына шолу жасаған Республикалық штаб ұйымы осындай мәлімдеме жасады. Республикалық штаб жетекшісі Айқын Қоңыровтың айтуынша, атқарылған жұмыс нәтижелі. Ел азаматтарының партия жұмысына, оның идеялары мен ұстанымдарына қызығушылықтары арта бастаған. Сондай-ақ коммунистер ірі қалалардан бөлек ауыл-аймақтарда да үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді жоспарлап отыр. Себебі үміткердің сайлауалды тұғырнамасында ауыл мәселесі кеңінен қаралған. 

Нұрдәулет ОРАЗХАНОВ, ҚКХП НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Xалықтың ықыласы өте үлкен. Партия жұмысына деген халықтың қызығушылығы артып жатыр. Күніне біздің штабқа, сайлауалды штабқа, 40-50 адам келіп, кандидаттың бағдарламысымен танысады.

Ә. Өмірзақ