Русский Сайттың толық нұсқасы

Жексенбі күні Астрахан тас жолында болған жол апатынан зардап шеккен 11 жолаушының екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2019
  • 3374

Жексенбі күні елордадағы Астрахан тас жолында болған жол апатынан зардап шеккен 11 жолаушының екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оларды аман алып қалуға тырысып жатыр. Зардап шеккендер арасында 4 бала бар. Үшеуі үйде ем қабылдауға жіберілсе, біреуі қалалық балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жеңіл жарақат алған қалған жолаушылар үйлеріне жіберілген. 

Желеухан ПІРІМҚҰЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ СТАЦИОНАРЛЫҚ КӨМЕК БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қазіргі таңда 4 науқастың 3-і Ұлттық ғылыми орталықта ем қабылдап жатыр. Екеуінің жағдайы ауыр. Олар политравма дейміз, көп жарақат алған науқастар. Дәргерлер барлық жағдайды жасап жатыр.  

Айта кетсек, жексенбі күні күндізгі уақытта Астрахан тас жолында жүк көлігі шағын автобусқа соғылып, аударылып қалған болатын. Автобус жүргізушісі мен ішіндегі 11 жолаушы ауруханаға жеткізілген болатын. 

Ә. Өмірзақ