Русский Сайттың толық нұсқасы

Отандық өнім бәсекеге қабілетті болуы үшін мемлекеттік қолдау көрсетіліп, тапсырыс жасалуы тиіс - Д.Еспаева

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2019
  • 2344

Отандық өнім бәсекеге қабілетті болуы үшін мемлекеттік қолдау көрсетіліп, тапсырыс жасалуы тиіс. Президенттікке үміткер Дәния Еспаева бүгін Елордадағы арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорын жұмысшыларымен өткізген кездесуінде осылай деді. Осы аймақтағы зауыттың бірі әскери техниканың 4 түрін шығарады. Орталық Азияда баламасы жоқ бұл машиналардың 70 пайызы өзімізде жасалса, көлік қаңқасына қажет болат құрсау Ресейден жеткізіледі. Кәсіпорын жылына 120 броньды техника құрастырады. Әскери техника - мемлекеттің айбынын асыратын күшті құрал, сонымен қатар қомақты табыс көзі. Кездесуде Дәния Еспаева осындай кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсетілуі керектігіне тоқталды.

Дәния ЕСПАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР: 

Зауытқа тапсырысты қорғаныс министрлігі береді. Бір жылдыққа заказ алады. Дұрыс жұмыс істеу үшін 3-5 жылға заказ алу керек. Бұл біріншіден. Екіншіден несие жағынан. Қазіргі кезде бұл зауыт 16 пайызбен несие алып отыр екен. Мұндай өндіріс шығаратын зауыттарға несиенің мөлшері оны төмендету керек.

Е. Карин