Русский Сайттың толық нұсқасы

С. Түгел зиялы қауым өкілдерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2019
  • 3411

Ар мәселесінде ағаттыққа жол беруге болмайды. Қазақстан Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел зиялы қауым өкілдерімен өткен кездесуде осылай деді. Белгілі ақын-жазушыларға «Тіл, жер, діл, ар-ождан» тақырыптарын қамтыған сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Кандидат бірінші кезекте осы төрт дүниені түгендеуге басымдық бермек. Әрі ұлттық құндылықты ұлықтап, мәдениетті жаңғыртуға үндеп отыр. Халықты бір мақсатқа жұмылдыру үшін зиялы қауымның орны ерекше екендігін атап өтті. 

Сәдібек ТҮГЕЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:

Болмысымызға, біздің руханиятымызға жат дүниелерден ада болу, жастарды сақтау, азғындыққа жібермеу, сол азғындық болған лас орындарды жабу мәселесін біз көтеріп отырмыз. Арды алға қойюымыз керек. Экономика мен идеология қыран құстың қос қанатындай бірге болуы керек. Сол кезде еліміз толыққанды дамиды. 

А. Бектас