Кандидат Әміржан Қосановтың штаб өкілдері астанадағы аулаларда үнпарақ таратып жатыр. Бағдарлама кеше халық көп баратын сауда орындарында үлестірілген еді. Жұмысқа еріктілер де тартылып, үгіт-насихат күн өте күшейіп келеді. Орталық штабта кандидаттың 10 қызметкері бар. Облыстардағы 100-ден аса сенімді өкіл тұрғындарды тұғырнамамен таныстыруға білек сыбанып кіріскен. Жұрт үміткерлер туралы көбірек ақпарат білгісі келеді.
Дарья ДЕЛЕСКЕ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Сайлау күні жақындап келеді. Үміткерлердің саны көп. Өкінішке қарай, олардың барлығын халық тани бермейді. Сондықтан олар туралы ақпараттың, үгіт-насихат құралдарының көп болғанын қалаймыз. Үміткерлердің сөзден іске көшкені дұрыс. Бүгін қолыма Әміржан Қосановтың бағдарламасындағы бағыттар жазылған үнпарақ түсті. Оқып көремін.
Аршат ОРАЗ, Ә.ҚОСАНОВТЫҢ ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Үгіт-насихат жұмыстарының бірінші аптасы бітті. Бір аптаның ішінде қаланың біраз жерлерінде болып үлгердік. Үміткердің сайлауалды платформасын таныстырып жатырмыз. Сайлауға қатысты сұрақтарға жауап беріп жатырмыз. Жалпы, осындай жұмыстар қаланың барлық жерлерінде жүргізіледі. Үш аптаның ішінде қаланы қамтимыз деп ойлаймын.
А. Сейфулла