Кәсіпкерлер үшін несие қолжетімді болуы тиіс. Салық мөлшері де азайтылғаны жөн. Қарағандылық кәсіпкерлермен кездескен Дәния Еспаеваның сайлауалды штабының өкілдері осыған басымдық берілетінін мәлімдеді. Қарағанды өңірінде шағын және орта бизнестің үлесі артып келеді. Аймақта 100 мыңнан аса кәсіпкерік нысан тіркелген. Олар өткен жылы 1 млрд теңгеден астам қаржыға өнім өндірген. Бұл былтырғыдан 21 пайызға артық. Президенттікке үміткер Дәния Еспаеваның жақтастары кандидат сайлауалды платформасында бизнес жобаларды жетілдіруді көздейтінін айтты.
АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Д.ЕСПАЕВАНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Мұнда да кәсіпкерлер түрлі кемшіліктер мен кедергілерге кездесіп отыр. Мемлекеттік органдардың тиісті саларға назар аудармағандығы сияқты түрлі нелер бар. Біздің байқағанымызша әсіресе орта және шағын бизнес өкілдерінің арасында монополиялық проблемалар пайда болып отыр. Біз бұл жерде адал ашық бәсекелестікке жол ашуымыз керек.
Г. Меңдеева