Русский Сайттың толық нұсқасы

«Арселор Миттал Теміртау» Қарағанды облысын хлормен ластап жатыр - Сарапшылар пікірі

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2019
  • 2929

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы Қарағанды облысын улы хлормен ластап жатыр. Химиялық эелемент жер - суды былай қойғанда, адам денсаулығы үшін де аса қауіпті. Бұл туралы арнамызға өңірдегі тәуелсіз сарапшы Борис Эпштейн айтып берді. Оның сөзінше, қалыптасқан жайт металлургия зауытындағы химиялық қондырғылар блогының ескіруіне байланысты. Сондықтан құрылғыларды шұғыл ауыстыруды талап етіп отыр.

Борис ЭПШТЕЙН, САРАПШЫ: 

Қондырғылардың жоқтығы, олардың істен шығуы осындай жағдайға әкеліп соқты. Химиялық блок 1999 жылдан бері жөнделмеген. Сондықтан оны тез арада айырбастау немесе кәсіби жөндеу қажет. Хлор ылғалмен араласып құбырға жіберіледі, арықарай ауа арқылы бүкіл облысқа тарайды. Сумен араласып адамдар шомылатын суқоймалар мен өзен- көлдерге құйылып жатыр, жерге де сіңеді. Хлор өкпе, ішкі ағзалар обырына, жүрек талмасы мен қан құйылу секілді аурулар тудырады.

Металлургиялық зауыт қалдықтарынан бояу өндірмек болған кәсіпкерлермен бірге кездейсоқ сараптама жасаған сарапшылар өрескел заң бұзушылықтарға көз жеткізгендерін айтады. Мамандардың айтуынша, қаңылтыр цехының химиялық қондырғылар блогында хлор, тұз қышқылы секілі улы заттар қайта өңделмейді. Олар тікелей өндірістік қалдықтармен бірге құбырлар арқылы суағарларға жіберіледі. Әрі қарай Самарқанд суқоймасына құйылады екен. Бүгінде хлор ерітіндісі қылыпты мөлшерден ондаған есеге артқан. Сарапшылар мәселені шешуді сұрап облыс әкіміне ашық хат жолдапты. Ал, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы болса, зауытта 4 химиялық қондырғы бар екені. Олардың барлығы жұмыс істеп тұрғанын жазбаша хабарлады. 3-і жартылай жөндеуден өткізіліп, қолдануға тиісті рұқсат берілгенін жеткізген. Қазіргі таңда 2-і қондырғы өндіріс қалдықтарын өңдеп отырғанын айтады.

А. Қуаш