Русский Сайттың толық нұсқасы

Салықтық рақымшылық өз қателіктерін жойғысы келген мемлекеттік кірістер комитетіне қажет - Н. Нығматулин

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2019
  • 2471

Салықтық рақымшылық халыққа ғана емес, өз қателіктерін жойғысы келген Мемлекеттік кірістер комитетіне де қажет. Бүгін Мәжіліс отырысында спикер Нұрлан Нығматулин осылай деді. Қазір жеке тұлғалардың салықтық қарызы 21 млрд теңгеге жуықтаған. Оның 7 млрд теңгесі өсімақы. Ол негізгі қарызды өтегенде ғана кешіріледі. Нұрлан Нығматулин комитеттің есебін келтірді. 15 мың жеке тұлға заңды тұлғалар төлеуі тиіс салықтар үшін 700 млн теңге қарыз көрінеді. 

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ал бұл сомма жеке тұлғалардың атында 15 жылдан бері тұр. Оған жыл сайын өсімпұл қосылып отыр. Жеке тұлғалар заңды тұлға ретінде тіркелмеген де. Сіздер осылайша ел бойынша 7 млрд теңге өсімақыны шырмап отырсыздар.  

Қаржы вице-министрі бұл дерекқорға көшіру кезінде болған кателік деп отыр. Олардың заңды тұлға емес екенін де мойындады. Мұндай қателіктер жер, үй салығына қатысты салықтарда да бар. Мәжіліс төрағасы құзырлы органдарға дерекқор интеграциясын тез арада реттеуді тапсырды. Мәжіліс отырысында қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызметтер туралы заң жобасы да қаралды. Депутаттардың айтуынша, қаржы институтаттары банк заңнамасын қайта бұзғаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп келеді. Заң бойынша оны 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеруге болады, ал бұл тым аз деп, - Ұлттық банк төрағасына талапты күшейтуді тапсырды. 

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Это как слону дробина! Не стесняйтесь, Ерболат Аскарбекович, до второго чтения внесите адекватные размеры штрафов для банков.

Г. Меңдеева