Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында құрылысы 10 жылға созылған аймақаралық оқу орталығы биыл аяқталуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2019
  • 2634

Павлодар облысында құрылысы 10 жылға созылған аймақаралық оқу орталығы биыл аяқталуы мүмкін. Бұл туралы арна тілшілеріне мердігер компания өкілдері хабарлады. Отын және энергетика саласына қажетті мамандарды даярлайтын орталық Екібастұз қаласында салынып жатыр. Ал бұған дейін жобалық олқылықтардың кесірінен 1 млрд теңге текке кетті. Тілші тарқатады.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: 

Екібастұздағы бұл оқу орталығының құрылысы осыдан 10 жыл бұрын басталған. Жер асты суы көтеріліп, құрылысы тоқтап қалған нысан былтырдан бастап, қайта жандана бастады. 15 корпустан тұратын нысанда білім алушыларға барлық жағдай жасалмақ. Мұнда жатақхана, шеберхана, кітапхана, асхана сынды қажеттінің бәрі бір аумаққа шоғырландырылған.

Қазір құрылыс жұмыстарының 50 % аяқталды. Мұнда ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Басты проблема - жер асты суы дренажды жүйе көмегімен қалпына келтірілген. Ол үшін су сорғызатын арнайы насос стансасы салынды. 

Айдын ҚАСЫМОВ, УЧАСТОК БАСШЫСЫ: 

Әр нысананың жан-жағына жеке-жеке дренаж жүйесін жасадық. Оның алдында бұның асты төменгі қабат цокольный этаж суда тұрған. 1 метрдей су болды астында. Жеке-жеке дренаж жасап, проблема шешілді, жоқ қазір су. 

Бұдан бұрын құрылысқа жұмсалған 1 млрд теңге текке кетті. Өйткені дұрыс жобаланбаған нысан қайта өзгертілді. Дренажды жүйе қарастырылмаған. Салдарынан ғимараттың жертөлесі ұзақ жылдар суда астында қалды. Салып қойған галерея апатты күйге жетіп, кейін жабылды.Оған қоса, жақында орталықтың бір корпусы отқа оранып, шатыры жанып кетті. 

Асыланбек САДЫҚОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

2017 жылы облыстық бюджеттен 95 млн. қаражат бөлініп, мердігер бізде Портал-ПВ жұмысты атқарып, 2017 жылы біз көктемде жұмыстарды аяқтадық. Осы жұмыстың себебінен осы шағын көрші аудандардан және осы құрылыстан жерасты сулары кете бастады. 

Жоба құны 3 млрд. 900 млн. теңге. Мердігер компания өкілдері қаражат уақытында аударылса, құрылыс биыл аяқталады дейді.

Магдан ИЧИЕВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: 

Қазір нысанның сыртқы абаттандыру жұмысын күн жылы кезде толығымен бітіруді жоспарлап отырмыз. Егер, қаражат толық берілсе, биыл аяқтайтын боламыз.

Өндірісті өлкеде отын және энергетика саласында мамандар тапшы. Қазірде 900 маманға сұраныс бар. Ірі кәсіпорындар сырттан еңбек күшін әкелеуге мәжбүр. Жаңа оқу орталығы 700 орынға арналған. Мұнда кадрлар 3 айдан 6 ай аралығында оқыып, өндіріс орындарына жіберіледі. 

Ө. Қуанар