Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР президенттігіне үміткер С.Түгел тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырды

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2019
  • 2761

Тоғызқұмалақ ойынын мектеп бағдарламасына енгізу қажет. Қазақстан перзиденттіне үміткер Сәдібек Түгел осындай бастама көтерді. Кандидат тоғызқұмалақты өзі ойнап, жастарға үлгі көрсетті. Ондағы мақсаты ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ұлы дала мәдениетін жаңғырту. Төрт мың жылдық тарихы бар ойын жас талғамайды. Бүгінде Дүниежүзілік интеллектуалдық ойындар тізіміне кірген. Зердені дамытып, жүйелі ойлауға жетелейді. Жылдам есептеу мен тапқырлықты талап етеді. Ел ішінде ұмытыла бастаған ұлттық ойынды кандидат Сәдібек Түгел мектеп бағдарламасына енгізіп, бірінші сыныптан бастап балаларға үйретуді ұсынып отыр. 

Сәдібек ТҮГЕЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Қазір тоғызқұмалақты әлем таниды. Бұл спорттық тұрғыда, федерацияның негізінде дамып келе жатқаны. Ал, жалпы ұлттық деңгейде тоғызқұмалақ кемшін түсіп жатыр. Оның ең біріншісі мектептегі бағдарламаға енбеген. мектептің бағдарламасына кіргізіп, денешынықтыру мұғалімдеріне осыны үйретуіміз керек. 

Ә. Өмірзақ