Русский Сайттың толық нұсқасы

Нәтижелі жұмысқа лайықты табыс

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2019
  • 2273

Нәтижелі жұмысқа лайықты табыс. Ол үшін мемлекет әр жұмыскердің мүддесін қорғауы тиіс. Әсіресе ірі өндіріс пен мұнай-газ саласы жұмысшыларының құқығын қорғап, лайықты табыс табуы үшін әрбір кәсіпорында ұжымдық шарт жасалуы тиіс. Ол қарапайым еңбеккердің әлеуметтік жағдайын көтеру және қауіпсіздікті сақтауға міндеттейтін заңды құжат. Кез келген еңбек дауы ұжымдық шарт негізінде қорғалады. Кәсіподақ ұйымдары өндірістік және келісім комиссияларымен бірілесе отырып жұмысшыға жақтасады. Предизенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасы осы ұжымдық келісім-шартқа баса мән береді. Үміткердің Ақтөбе облысындағы сенімді өкілдері мұнай-газ саласындағы жұмысшылармен кездесіп сайлауалды үгіт-насихат жұмыстармен таныстырды. 

ӘСЕТ АХМЕТОВ, МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір республикалық федерациядан қауіпсіздік инспекторларын дайындау жұмыстар жүріп жатыр. Бұл үлкен жұмыс. Сол жұмасытрадың бір бөлгі ең жақсы инспекторларды таңдау. Жыл сайын конкурс болады. Сосын жұмысшыларды таныстыру. Себебі ең бастысы еңбек қауіпсіздігін арттыру.

Н. Біләл