Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлеуметтік желіде Президент сайлауы туралы сауалнама жүргізген екі азаматқа айыппұл салынды-Бас прокуратура

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2019
  • 2725

Әлеуметтік желіде Президент сайлауы туралы сауалнама жүргізген екі азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Бас прокуратура. Заң бойынша олар алдымен Орталық сайлау комиссиясын ескертуі керек болатын. Осылайша «ВКонтакте» желісінде сайлау туралы қоғам пікірін білмек болған алматылық азамат 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болды. Осы сияқты сауалнаманы «Фейсбук» қолданушылары арасында жүргізген Алматы облысының тұрғыны да әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, «Nur.kz» интернет-ресурсының меншік иесі де Орталық сайлау комиссиясына хабарлама жібермей, сауалнама жүргізген. Естеріңізге салайық, кезектен тыс президент сайлауы маусымның тоғызы өтеді. Қазір кандидаттар аймақтарда үгіттеу жұмысын жүргізіп келеді. 

Д. Қайыртай