Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда Президенттікке кандидаттар арасында теледебат өтетін болды

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2019
  • 3060

Президенттікке кандидаттар арасында теледебат 29 мамырда өтетін болды. Республикалық пікірсайыстың талаптары мен регламентері жөнінде бүгін Орталық сайлау комиссиясында айтылды.  Дебат «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі. Шамамен 80 минутқа созылатын дискуссия тікелей эфирде немесе алдын ала жазылуы мүмкін. Пікірталасқа канидадаттардың қатыспауына немесе орнына штаб өкілін жіберуге құқықтары бар. 

Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Телепікірталастар мен пікірсайыстар қоғам дамуы үшін маңызды тақырыптар - Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары, Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы тақырыптары бойынша өтеді. Оппоненттердің бір-біріне сұрақ-жауап түрінде пікірсайыс сессиясы болады. Пікірсайыс аяғында қатысушылар өз сайлаушыларына үндеуін де жариялай алады.

А. Сейфулла