Русский Сайттың толық нұсқасы

Ә. Қосановтың сайлауалды штабы Алматы облысындағы қант зауытына барды

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2019
  • 3056

Әміржан Қосановтың Алматы облысындағы штабы Көксу ауданындағы қант зауытының ұжымымен кездесті. Жиында «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түсіп отырған үміткердің тұғырнамасы таныстырылды. Негізгі бағыттар талқыланды. Аймақтарды дамыту мәселесіне баса назар аударылды. Жиналғандар өз ұсыныстарын білдіріп, саяси құжатқа қатысты ойларын ортаға салды. Айта кетейік, Көксу қант зауыты - облыс орталығы Талдықорғанның маңайындағы Балпық би кентінде орналасқан. Өңірдегі ірі өндіріс орны саналады. 

Жүкел ХАМАЙ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Ә.ҚОСАНОВТЫҢ ӨҢІРЛІК САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Алматы облыстық Әміржан Қосановтың штабы өңіріміздегі ең үлкен қант зауытында қант шығарып жатқан азаматтармен кездесіп, өз жоспарымызды, бағыт-бағдарымызды таныстырдық. Бұл азаматтар біздерді қолдап, жақсы қарсы алды. Ұйымдастырып берген ұжымдарға және қолдап отырған халыққа рахмет. 

Д. Қайыртай