Русский Сайттың толық нұсқасы

«Huawei» компаниясы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда мәмілесінің бір бөлігі болуы мүмкін - АҚШ Президенті Д. Трамп

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2019
  • 3766

АҚШ пен Қытай «Huawei»-ге қатысты бір мәмлеге келуі мүмкін. Дональд Трамп сөз арасында осындай сыңай танытты. Әлбетте, қытай тарапы қырсығып қалмаса, түйінді шешуге болады дейді. Қазір екі ел арасындағы сауда соғысы өршіп тұр. «Huawei» компаниясы тығырықтан шығу жолдарын іздестіріп жатыр. Тапқан да сыңайлы Әлішер Өмірзақ тарқатады. 

Қытаймен АҚШ арасындағы сауда соғысы қарапайым тұтынушыларға да кесірін тигізе жаздады. Елде екінің бірі Huawei смартфондарын ұстайды. Ұялы телефон Андройд-пен жұмыс істейді. Ал Андройд АҚШ-тың Гугл компаниясына қарасты. Гугл Хуавеймен келісімді бұзса, смартфон істен шығады деген ақпарат біраз адамды алаңдатып тастағаны рас.

Елена РОМАНОВА, ТЕХНИКА ДҮКЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Бізге келіп алаңдаушылық білдіріп жатқандар бар. Дегенмен, бүгінде бұл самартфондардың сатылымына кері әсерін тигізе қойған жоқ.

«Huawei» құпия мәліметтерді жинайды, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп тұр деген Ақ Үй қожайыны Дональд Трамп қытайлық гаджеттерді елде қолдануға тиым салған. Ірі компнаияларға «Huawei»-мен жұмыс істеуге шектеу қойды. Бірақ күні кеше кезекті келіссөздер кезінде бұл мәселе тараптармен қайта қаралады дегенді айтты.  

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Қытаймен арада келісімшартқа келу үшін «Huawei» компаниясы да қосылуы мүмкін. Сауда мәмлесіне келіп жатсақ, «Huawei» компаниясы белгілі бір формада немесе мәмленің бір тармағы ретінде қаралады деп ойлаймын 

Қытай қарап қалған жоқ. Алдағы уақытта «Hongmeng» атты өз операциялық жүйесін таныстырады. Huawei-дің негізгі ақпарат таратушы көзі «Huawei Central» бұл деректі растап отыр. Ал еліміздегі танымал техно-блогер Максим Якименко жаңа жүйе күзде смартфондарда пайда болуы мүмкін дейді. 

Максим ЯКИМЕНКО, ТЕХНО-БЛОГЕР: 

АҚШ тарапынан осындай әрекеттің болатынын Huawei компаниясы ескерген. Қазір олардың өз процессері бар. Алдағы уақытта смартфондарына жаңа операциялық жүйе шығарады. Тек онда қазір қолданып жүрген мобильді қосымшаларды жүктеу қиындық тудыруы мүмкін.

АҚШ-тың өз санкциялары кесірінен google секілді ірі компанияларға да қауіп төніп тұр. Қос держава арасындағы технологиялық тайталас ертең 20:00-де «Біздің уақыт» апталық-сараптамалық бағдарламасында толығырақ көрсетіледі.   

Ә. Өмірзақ