Әкімге алданып қадық! Таразда «Жеңіс» саябағын абаттандырған құрылыс компаниясы қалалық әкімдік тиіс ті қаражатты бермей отыр деп шу шығарды. Айтуларынша, 403 млн теңгенің жұмысын 7 ай бұрын бітірген. 100 млн теңгесін әлі алмапты. Серіктестік ұжымы облыс әкімдігі алдына жиналып айқайға басты. Данияр Әлімқұл тараптарды тыңдады.
«Аль-Аркаржан» серіктесігі аймақ басшысының ауызша тапсырмасына алданып қалдық дейді. Ауызша дейтіні бұл жұмыстарға ешқандай тендер ойнатылмаған. Жаңа әкім былтыр жазда қала көшелеріне жаңғырту жұмыстарын «Жеңіс» саябағынан бастаған. Биліктегілер серіктестікке құрылыс жаса деп қолқа салады. Тамызда басталған 403 млн теңгенің жұмысын қала күніне орай қазан айында аяқтау тапсырылады. Бәрін бітірдік деген олар жеме-жемге келгенде жер сипап қалдық деп отыр.
Бақытжан МЫРЗАМҰРАТОВ, «АЛЬ-АРКАРЖАН» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
«Үшбұлақ» жағалауына 98 млн теңге ертең-ертеңмен 7 айдан бері жоқ. Бірінші келісім-шартымыз «Жасыл ел Таразбен» жасағанбыз. Қалған жұмыстарымызға келісім-шартта бермей отыр. Кімммен жасарымызды білмей бас қатып отыр. Енді ақшаны ала алмай алданып қалдық. Ауызша айтылды ғой. 100-ден аса адам айлық ала алмай отыр.
Сөз жүзінде уәде етілді деген 403 млн теңгенің 98 млн теңгесін алмаған бас мердігер тағы 7 мердігер мен жұмысшыларына ақы төлей алмай отырғанын айтады. Қала билігі болса қарызымыз тек 5 пайызды ғана құрайды деп отыр. Яғни, бастапқы 375 млн теңгесін төлеп қойған. Бүгінде берешегіміз бар-жоғы 28 млн теңге дейді.
Қайсар САРЫТАЙ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Заң аясында жұмыс қабылдамағанынша біз міндетті түрде 5 пайыз әзірге ұстап қалу керекпіз. Қарыз емеспіз, өзі айтты ғой. 98 млн теңге қарызбыз ба?
- Қалай қарыз жоқ?
- Все, болды рақмет. Экзаменге келген жоқпын ғой.
- Қалған қарыз енді қашан?
- Все, болды, рақмет, все.
Тараптар тату тараса алмады. Компания басшысы 98 млн теңге қарыз дегеннен танбай отырса, әкімдік оны жоққа шығарудан жалықпады. Енді бұл іске қатысты арнайы комиссия құрылып, ақ-қарасын анықтамақ.
Д. Әлімқұл