Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ.Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисянмен кездесті

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2019
  • 2173

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесті. Онда одақты дамытудың өзекті мәселелері және алдағы мерейтойлық кеңестің күн тәртібі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев одаққа мүше елдердің көп қырлы өзара іс-қимылдарын тереңдету қажеттігіне назар аударды. Айта кетейік, 29 мамырда елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі өтеді. 

М. Дюсекина