Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістандық ақсақалдар Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеті аманат жеткізді

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2019
  • 2061

Түркістандық ақсақалдар Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеті аманат жеткізді. Кандидаттың сайлауалды штаб өкілдерінің облыс жұртымен кездесуінде жазушы Мархабат Байғұт аға буынның хатын табыстады. Онда тарихты түгендеу, жерді сақтап, елді дамыту, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне мән беру, тілдің тұғырын биіктету мәселелері жазылған. Шарада негізінен Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасындағы өңірлерді дамыту мақсаты талқыланды. Елбасының саясатын жалғастыруды мақсат еткен «Нұр Отан» партиясы басқа да салалар туралы айтты.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Өрлеу дегеніміз – нағыз сіздердің облыстарыңызда жүріп жатқан жағдай. 1,5 мың гектарға жаңа қала салынып жатыр. Бұл мінекей өрлеудің қандай көрінісі. Осындай жұмыстар басқа салаларда да, бизнесте де, өндірісте де ауылшаруашылығында да жүзеге асырылуы керек. Өрлеу деген бір орында тұрмай, Елбасының саясатын ары қарай жалғастыру деген сөз. Жаңа мақсаттарға жету деген сөз.

А. Сейфулла