Русский Сайттың толық нұсқасы

С.Түгелдің сайлауалды штабы шеберлік сабағын өткізді

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2019
  • 1968

Ал Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабы Ақмола облысындағы Қоянды ауылында шеберлік сабағын өткізді. Президенттікке кандидат осы арқылы ата дәстүрді жаңғыртып, ағаштан бұйым жасауды жастарға дәріптемек. Үміткердің сайлауалды тұғырнамасы да ұлттық құндылықты ұлықтап, ұлы дала мәдениетін жаңғыртуға бағытталған. Ағаштан түйін түйген шеберлер тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын жасаудың қыр-сырымен бөлісті. Домбыра, ыдыс-аяқ пен жиһазды ұлттық нақышта безендірудің тиімді тәсілдерін үйретті. 

Ержан КӘРІМХАНҰЛЫ, АҒАШ ШЕБЕРІ :

Менің ата-бабамнан жалғасқан ұлттық өнер. Осы ұлттық өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға бір үлесімді қоссам деймін. Ою-өрнегін, нақышын, әшекейін өзіне келтіріп. Осы өнерді үйренуге талпынып жүрген жастарымыз бар. Соларды тәрбиелеп, шәкірттікке алып, осы өнерді дамыту ойым бар. Ең қиынымыз домбыра жасау. Оның нақышын келтіру керек, дыбысын. Қызыл ағаштан жақсы шығады домбыра.

А. Бектас