Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы 4 айда 3 бала пойыздың астына түсіп қайтыс болған

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2019
  • 3710

Соңғы 4 айда 10 адам пойыздың астына түсіп қайтыс болған. Оның үшеуі - бала. Темір жол бойындағы қауіпсіздік шаралары туралы бүгін «Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының өкілдері айтты. Машинистер апаттың алдын алу үшін 880 жедел тежегішті қолданған. Алайда 10 жағдайда тоқтап үлгермепті. Жазғы демалысқа байланысты темір жол бойында балалар жарақатынының алдын алу үшін үш айлық жарияланды. Балалар көбіне тоқтап тұрған вагондарға шығып, токқа түсіп көз жұмып жатады. Құлаққап киген азаматтардың жақындаған пойыз дауысын естімей қалатын жағдайлары да көп. Сондықтан "Жүк тасымалы" акционерлік қоғамы ата-аналардан балаларын шойын жол нысандары аумағына ойнауға жібермеуін сұрайды.  

Айтым ҚҰРАҚБАЕВ, «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» АҚ ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 

Балалар білмей қалып, токқа түсіп жатыр. Тұрған вагондарға мінеді. Ол жақта ештеме жоқ деп ойлайды, ойнайды, секіреді. Бірақ та сол токқа түсіп...өкінішке қарай ондай жағдайлар болып жатыр.

А.Сейфулла