Русский Сайттың толық нұсқасы

Ә.Қосановтың қоғамдық штабы Атырауда

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2019
  • 3064

Президенттікке кандидат Әміржан Қосановтың қоғамдық штабы Атыраудағы кәсіпорындарды аралады. Үміткердің сенімді өкілдері сайлауалды тұғырнаманы таныстырып, үгіт-насихат жүргізді. Оның аймақтарды дамытып, жұмысшы құқығын қорғау тармағы еңбек адамдарын қуантып отыр. Тұрғындар әлеуметтік мәселеге қатысты кандидаттың тұғырнамасына тағы бірнеше ұсыныс енгізуді сұрады. Ал қоғамдық штаб саяси науқан аяқталғанша аймақта тағы бірнеше кездесу ұйымдастырмақ. 

Серік САПАНОВ, ЗЕЙНЕТКЕР:  

Қазіргі Қазақстан халқы, соның ішінде қазақ халқы үлкен үмітпен сайлауға қарап отыр. Бұның ең басты себебі, мен жеке адам ретінде, жеке азамат ретінде кім президент болса да, мен келешек президенттен мынаны күтемін. Саясатта ел даму үшін әділ сайлау керек.

Нұрберген ДӘУЛЕТОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:    

Шешімді уақыт. Қазіргі Қазақстан тәуелсіздігінде басшылығымызды сайлайтын, саналы түрде, сауатты түрде сайлауға қатысып, пікірін айтып, бүгінгі кездесуде айтылған насихатты халыққа жеткізу керек.

А. Бектас