Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент сайлауы қарсаңында кандидаттар арасында теледебат өтті

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2019
  • 2394

Президент сайлауы қарсаңында кандидаттар арасында теледебат өтті. Оған 7 үміткердің 4-еуі қатысты. Коммунистерден Жамбыл Ахметбеков, "Ұлы дала қырандары" бірлестігінен Сәдібек Түгел, Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан Амангелді Таспихов, "Ұлт тағдыры" қозғалысынан Әміржан Қосанов қатысты. Кандидаттардың пікірталасқа қатыспауына құқы бар. Сондықтан "Ауыл" партиясының кандидаты Төлеутай Рақымбековтың атынан Әли Бектаев шықты. Дәния Еспаеваның орнына "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев қатысты. Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, қоғамдық штабтың сенімді өкілі Мәулен Әшімбаев шықты. Берілген уақыт кемі 80 минут. Алғашқы раундта"Қазақстанның экономикалық дамуындағы басым бағыттар", екінші раундта "Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы" талқыға түсті. Ал үшіншісінде сайлаушылармен сөйлесті. 

Г. Меңдеева