Русский Сайттың толық нұсқасы

TokaevTeam Таразда

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2019
  • 1708

Әлеуметтік саланы дамытуға қосымша 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Президенттіке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп уәде беріп отыр. Атаулы қаржы баспана салуға және аз қамтылған отбасыларға жұмсалады деп жоспарланды. Бүгін TokaevTeam Таразда. Үгіт-насихат шараларының бірі «Есіктен есікке» акциясы. Осы бастама негізінде «Nur Otan» партиясының өкілдері Тараз қаласының аудандарын аралап, сайлаушылармен кездесті. Сөз алған жергілікті тұрғындар жарқын болашақ үшін таңдау жасайтындарын жасырмады.  

Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Қ.ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Әділдіктің астарында не жатыр. Ол адамның құқығын сақтау жатыр. Адам қай салада болатын болса да ешқандай қиянат көрмеу керек. Жұмысшы өзінің еңбегіне қарай өзінің жалақысын алу керек. Әркімде өзі қоғамға сіңірген еңбегіне лайықты құрмет көру керек.

Айбек ҚАДЫРӘЛИЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Қ.ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Бұл сайлау біздің күшіміз бен ісімізді, бірлігіміз бен тірлігімізді дәлелдейтін тарихи сәт. Ендеше Жамбыл облысының жалынды жастары кемел келешектің кейіпкерлері яғни біздер мен сіздер Кемелұлына дауыс беретіндіне сенімім мол.

М. Дюсекина