Русский Сайттың толық нұсқасы

Кандидат Т.Рақымбеков Атырау облысының шаруаларымен кездесті

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2019
  • 1931

Ауыл шарушылығы дамыса, ел экономикасы мен халықтың тұрмыс-тіршілігі көтеріледі. Бұл ұстанымдарды негізге алған Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков Атырау облысына сапары барысында бірқатар шаруа қожалықтарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Шаруалардың көкейкесті проблемаларын тыңдады. Оның шешу жолдары жайлы бірқатар бастамалар туралы пікір білдірді. Үміткер ат басын тіреген облыстағы "Сарайшық" кәсіпорнында ешкі сүтінен 14 түрлі өнім шығарады. Бұл еліміздегі ғана емес, ТМД көлеміндегі бірегей аграрлық ферма. Президентікке үміткер Төлеутай Рақымбеков оның жай-жапсарымен танысып, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді қолданудың тетіктеріне тоқталды.  

Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:  

Атырау облысында пікір қалыптасып қалған бұл жерде табиғат пен климат қолайсыз ауыл шаруашылығмен айналысуға деп. Бұл Алматы облысы емес, бүл Түркістан облысы емес, бұл Ақмола облысы емес. Бірақ, егер еңбектенем десе адам барлығын өндіруге болады. Бәрін жасауға болады. 

Н. Біләл