Русский Сайттың толық нұсқасы

С.Түгелдің сайлауалды штабы Талдықорғанда кездесу өткізді

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2019
  • 1964

Тіл, жер, діл, ар-ождан. Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгел бірінші кезекте осы төрт тұғырды түгендеуге басымдық беруді ұсынып отыр. Ұлы дала мәдениетін жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау жөнінде бастама көтерді. Кандидаттың айтуынша, әрбір азамат ана тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларын қастерлеуі қажет. Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Талдықорған қаласында халықпен кездесу өткізді. Әдеттегідей, үміткердің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Кандидаттың сайлауалды штабы 2,5 аптада кездесулерден бөлек, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырды.  

Бақыткүл ҚОЖАБЕРГЕНОВА, ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ:

Бүкіл облыс бойынша 60 сенімді өкіл тіркеп отырмыз. Осы күнге дейін біраз ауданды аралып шықтық. Біздің негізгі мақсатымыз осы сайлауалды платформасымен облысымыздың әрбір тұрғынын таныстырып, оларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

Айдана ҚАТАШОВА, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сәдібек Түгелдің ұлтымызға, дәстүріне тигізер пайдасы мол деп айтса болады. Мәдениетімізді көтеру, демографиямызды көтеру жағы өте қатты ұнады. Жастарды көтеру мәселесі ұнады.

Д. Қайыртай