Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов отставкаға кетуге дайын

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2019
  • 3056

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов отставкаға кетуге дайын. Оған түрткі болған қол астындағы Асланбек Жақыповқа қатысты қозғалған іс. Министрлікте кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры қызметін атқарған ол биыл сәуір айында 500 мың теңге пара алды деп айыпталған еді. Кейін ол алаяқтық бабына алмастырылды. Күні кеше аталған іс бойынша күдіктіге қатысты сот шешім шығарды. Шенеуніктің кінәсі дәлелденіп, оған үш жыл бас бостандығынан айыру үкімі кесілді. Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарамағындағы қызметкерлері жемқорлық жасаса, басшылар отставкаға кету туралы өтініш жазу керек екенін мәлімдеді. Ал министр Руслан Дәленов болса, Жақыповқа қатысты сот үкімі күшіне енгеннен соң отставкаға кету туралы өтініш жазатынын мәлімдеді. 

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Әрине, отставкаға беремін. Сот шешімі болса, сот шешімі күшіне енсе, мен отставкаға беремін. Ол бұрын жұмыс істеген ол жаңа директор емес. Мен отставкаға беремін. 

Н. Біләл