Кәмелекет жасқа толмағандарды жұмысқа тартқан ата-анаға жауапкершілікті күшейту қажет. Балалар омбудсмені Сәуле Айтпаева Премьер-министр мен бас прокурорға осылай деп депутаттық сауал жолдады. Сенатор ата-аналардың кәмелетке толмағандар еңбегін материалдық шығынды өтеу үшін пайдаланатынын айтады. Сондықтан бұл нормаларды Еңбек кодексінде нақтылауды ұсынып отыр.
Сәуле АЙТПАЕВА, ҚР БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ:
Ата-аналар баланың сырт келбетін табыс үшін пайдаланбауы керек. Бұл жағдайда бала физикалық және сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы мүмкін. Түрлі шоу-бизнес пен модельдік бизнестегі ереже баланың денсаулығына нұқсан келтіреді. Жұмыс пен оқуды қиыстырып алып жүруге қатысты норманы қайта қарау керек.
Еңбек кодексіне сай баланы 14 жастан бастап жұмысқа алуға болғанымен, жұмыс деңгейі ескерілуі қажет. Олардың еңбек жүктемесі аптасына 24 сағаттан аспауы тиіс. 15 жасқа дейінгі балалар өндірістік-шаруашылық жұмысқа да тартыла алмайды. Дегенмен түнгі уақытта заңды өкілсіз жүретін жасөспірім көбейіп барады.
Марат ҚОЖАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ағымдағы жылдың өзінде кәмелетке толмағандар заңды өкілдерсіз ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін 600-ге жуық кәсіпкер, тұрғын үй жайдан тыс жерде жүргені үшін 22 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
А. Бектас