Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдықтар екі күннен бері сусыз отыр

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2019
  • 2599

Оралда жарылған кәріз құбырының кесірінен қалалық аурухана «жедел жәрдеммен» шұғыл жеткізілген науқастарды қабылдауды доғарған. Жағдайы ауыр сырқаттар облыстық ауруханаға жіберілуде. Қазір мұнда су тасымалы жолға қойылып, қажетті тіршілік нәрі үздіксіз тасылып жатыр.  

Бақтияр ТӘШКЕНБАЕВ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Науқастарға медициналық көмек көрсетуге судың тапшылығы қабылдау бөліміне еш әсерін тигізбейді. Себебі ол науқастар қаралады, УЗИ жасалады, рентген жасалады, анализдер алынады, укол, система салынады. Оған судың ешқандай қатысы жоқ. Судың қатысы біздің ауруханада жатқан науқастарға ғана маңызды көбінесе.

Жарылған коллектордың басындағы жұмыс қарбалас. Жөндеуші бригада кешеден бері апаттың неден шыққанын анықтап әлек. Жергілікті «Батыс су арнасы» мекемесі шайынды суды сарқып алғаннан кейін бұзылған коллекторды қалпына келтіреді. 

Сергей ДОЛЯ, ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазір жарылған құбырды қалпына келтіру жобасы әзірленді. Енді бұл жұмыспен кім айналысатынын анықтап жатырмыз. Жақын арада конкурстың нәтижесі шығып, коллекторды ауыстыруға кірісеміз.

Айта кетелік, Орал қаласының 60 мыңға тарта тұрғыны екі күннен бері сусыз отыр. Дәл осындай жағдай былтыр да болған. Сол кезде жер астынан жүргізілген құбырдың сапасы нашар екендігі анықталды. Ал бұл жолғы апаттың әуресі қашанға дейін созылары белгісіз.  

Е. Карин