Русский Сайттың толық нұсқасы

Төлеутай Рақымбеков Маңғыстау жұршылығымен кездесті

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2019
  • 2424

Ал «Ауыл» партиясының кандидаты Төлеутай Рақымбеков Маңғыстау жұршылығымен кездесті. Ауыл шаруашылығы өкілдерімен аграрлық саланың проблемаларын талқылады. Маңғыстауға азық-түліктің басым бөлігі басқа аймақтардан әкелінгендіктен, баға қымбат. Төлеутай Рақымбеков мәселені шешу үшін жылыжайларды көбейту керек дейді. Оның пікірінше, өңірде шұбат өндірісін де бір жолға қойып, табысты арттыруға болады. Кездесуде кандидат мемлекет қолдауын тиімді алудың жолдарын түсіндірді. Маңғыстау мұнайлы өңір деп жастардың көбі сонда ағылады. Алайда бәріне бірдей жұмыс жоқ. Проблеманы шешу жолы - құрғақ климатқа қарамастан, соңғы технологиялар көмегімен ауыл шаруашылығын жандандыру. 

Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Осы жерде түйе шаруашылығы, жылыжайлар, тамшылатып суару арқылы жасауға болады. Осыны ұйымдастыру керек. Ол үшім мемлекет қомақты қаржы бөліп, қолдау жолдарын көрсету керек. Сондықтан, айтып отырғаным көлік-транзиттік понтенциалы, ауыл шаруашылығы осындай жақтарын дамыту керек деп есептеймін.

А.Сейфулла