Русский Сайттың толық нұсқасы

Белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің ісі жаңа сипат алды

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2017
  • 2343

Белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің ісі жаңа сипат алды. Бас прокуратура жаңа ашылған айғақтар бойынша сот шешіміне қарсы шықты. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысынан соң журналистерге Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин айтты. Бірер күн бұрын кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди белгілі банкир Ержан Татишевті өлтіргенін мойындады. Оның адамды қасақана өлтірдім деген мойындауы қылмыстық істі жаңа арнаға бұрды. Ал бұған дейін Тоқмәди осы қылмысқа қатысты Татишевті абайсызда мерт қылды деген айыппен сотталған еді. 

Андрей Лукин, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Бас прокуратура жаңа пайда болған жайттарға қатысты соттың шешіміне қарсы шықты. Сондықтан соттың тиісті шешімі шығады. Бірақ оны сіздер бұқаралық ақпарат құралдыры арқылы біле аласыздар. Басқа алып-қосарым жоқ. Жаңа ашылған мән-жай белгілі болған кезден-ақ Бас прокуратура бірден араласты.