Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда "Алжир" қойылымын Грузия әртістері сахналады

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2019
  • 2870

"Алжирдің" азабы. Қарағандыда Ақмола лагеріне қамалған әйелдер жайлы тарихи драманы грузин әртістері сахналады. Тарихи трагедия нақты оқиғалар мен хаттарға, фотосуреттер мен естелік жазбалар секілді заттай деректерге толы. Жантүршігерлік мағлұматтарға толы қойылымды біздің түсіру тобымыз тамашалап қайтты.  

1936 жыл. Кеңес Одағы. «Отанын сатты» деген желеумен жаппай қуғын - сүргін басталды. Грузияда да интеллигенция өкілдерінің әйелдері Қазақстандағы "Алжир" лагеріне тоғытылды.  

- Проститесь с сыном!

- Да, простыться с сыном! Ведь я растаюсь, быть может на долго.

Барлығы отбасыларынан айырылып, зорлық- зомбылықтың құрбандарына айналады. Түрме бастықтары мен күзетшілері оларға тауар ретінде қарайды. Шарасыз күйге түскен кейіпкерлер көрген азаптарын өздері баяндады. Бұл қойылымның ерекшелігі де осында. Бірақ ауыр дертке шалдығып, аштық көрсе де олардың өмірге деген құлшыныстары шыңдала түскен.

Николай СВЕНТИЦКИЙ, А. ГРИБОЕДОВ АТЫНДАҒЫ ТБЛИСИ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРЫС ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Олар азапқа шыдап бақты. Өмір сүргілері келді. Кейін абақтыдан шыққан соң отбасын құрып немесе үйлеріне қайта оралып өмірге бала әкелді. Міне, олардың ерлігі осында. Бұл қойылым олардың батылдығының ұраны. Бұл тарих, тарихты айтудан қорықпау керек. Ол - жастарға үлгі.

Шетелдік әртістер бірнеше жыл бұрын "Алжир" абақтысына экскурсия жасапты. Олар түрме қабырғасынан таныс есімдерді көрген. Ол осы қойылымның өмірге келуіне себеп болыпты.

Мариам КИТИЯ, А. ГРИБОЕДОВ АТЫНДАҒЫ ТБЛИСИ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРЫС ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:

Біз үшін Қазақстанда қойылымды сахналау өте жауапты іс. Өйткені, қуғын - сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары осында өмір сүріп жатыр. Алғашында театрымыздың режиссері АЛЖИР қабырғасынан әйелінің әжесінің аты- жөнін тауып алды. Кейін басқа да таныс адамдарымыздың тектерін көрдік. Содан кейін осы идея туды. Ең бастысы барынша шынайы ойнауға тырыстық. Мақсатымыз - мұндай жағдай ешқашан қайталанбасын деген тілек.

Тарихи деректерге сүйенсек, онда отырған көп ұлтты 8 мыңға тарта әйелдің 3 жүзден астамы грузин әйелдері болған. Қойылымда тұтқындардың оларды аштықтан құтқарған қазақ халқына деген алғысы да көрсетіледі.

- Это курт, высушенный на солнце соленый творог. Так местные жители помагали нам выжить. Очень благодарны местным казахам.

Грузия әртістері Алжир қойылымын екі жылдан бері сахналап келеді. Театр ұжымы Қазақстанға Ақмола облыстық орыс драма театрының шақыруымен келіпті.

А. Қуаш