Осы аптада Нұр-Сұлтанда Еуразия экономикалық одағының САММИТ-і өткені мәлім. Сол, интеграция мәселелері. Менің тоқталғым келетіні, Беларусь басшысының біздің елімізден мұнай сатып алу ниеті. Дәлірегі – астарлары. Біздің арна тілшілері арнайы жазып алған саяси ғылымдардың докторы Мұрат Лаумулин Беларусь мемлекетіне мұнай сатуға мүмкіндік жететінін айтқан. Тек. Тек Мәскеумен оны тасу жолына орай мәмілеге келсе. Себебі Беларусьқа мұнайды Ресей аумағы арқылы ғана тасымалдауға болады. Бірақ. Бірақ Мәскеу үшін бұл мәселе экономикалық мәселе емес. Саясат мәселесі.
Мұрат ЛАУМУЛИН, САЯСИ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:
Бұл мүмкін дүние. Егер Мәскеу ықылас танытса, мұнай тасымалдауға, оның сапасына байланысты мәмілеге келуге болады. Дегенмен жақында Ресейдің белорустарға арасында сапасыз мұнай жөнелтіп отыратыны айтылып, айғай шыққанын көрдік. Мәскеу бұл проблеманы экономика аясында қарамайды, саяси дүние деп есептейді. Ал Беларусь Еуразия экономикалық одағы үшін Еуропаға терезе.
Энергетика министрі Қ.Бозымбаев Беларусь мемлекетіне мұнай экспорттау мүмкіндігі туралы келісімдер осы 1-2 аптаның ішінде өтетінін хабарлаған. Ал Нұр-Сұлтанда өткен ЕЭО САММИТ-де А.Лукашенконың Қ.Тоқаевпен бұл мәселені талқылап, талқыламағаны белгісіз. Алдында сөйтетінін біздің Беларусьтағы елшіміз Е.Ертісбаевқа айтқан. Жалпы, Минск Ресейден алатын мұнайының үштен бірін басқа елдерден тасуды ойлап отыр. Енді басты сауал – неге? Сәуір айының соңында Лукашенко мемлекеттік хатшы орынбасары қызметін атқарып отырған өзінің күзет қызметінің бұрынғы бастығын тұтқындауға пәрмен берген. Ол шефіне қастандық ойластырған көрінеді. Сонымен бірге «Белтелекомның» басшысы ұсталған. Ол болса байланыстың барлық каналын және трафикті бақылауды Ресейге беріп қойған, дейді. Сол уақытта - сәуірдің аяғында Лукашенко мен Путиннің Қытайда қатты сөзге келгендері айтылады. Дәлірегі - Беларусь президенті кездесуде үстелді лақтырып, айғайлап, Бейжіңнен шұғыл түрде ұшып кеткен. Осының бәрі Ресейдің Беларусьты өзіне қосу ниетінен туындап жатқан картиналар, дейді сарапшылар...