Русский Сайттың толық нұсқасы

Сайлауға шетелдік байқаушыларды тіркеу аяқталды

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2019
  • 3146

Орталық сайлау комиссиясы бүгін шетелдік байқаушыларды тіркеуді аяқтады. Сонымен 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауын 1013 халықаралық сарапшы бақылайтын болды. 12 сәуірде басталған аккредиттеуге әлемнің төрт құрлығы Еуропа, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америкадан сарапшылар келеді. 41 мемлекет, 9 халықаралық ұйым және шетелдік сайлау органы өкілдері елдің басты саяси додасын бақылайды.  

Зәуреш БАЙМОЛДИНА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:    

3 маусымда Сыртқы істер министрлігінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының 11 байқаушысын және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының 2 байқаушысын аккредиттеуге ұсыныс келіп түсті. Сонымен қатар 7 шет мемлекеттен: Ұлыбритания, Кытай, Үндістан, Палестина, Ресей Федерациясы, АҚШ, Грузиядан 33 байқаушы ұсынылып отыр.

А. Бектас