Елордада үш күнге созылған «Жас қанат» байқауы өз мәресіне жетті. Талай әншінің жұлдызын жаққан байқау биыл жиырма сегізінші рет ұйымдастырылды. Оған 14 жас орындаушы қатысты. Үшінші орынды көкшетаулық Әділ Балтабаев, екінші орынды елордалық Жанболат Ұзақбай жеңіп алды. Ал «Алтын қанат» - бас жүлде Шымкенттен келген Дидар Әбдіхалыққа бұйырды.
Дидар ӘБДІХАЛЫҚ:
...Сағынамын алыс елде жүрсем де,
Астанамдай арманымсың сен.
Бәйтерегім биік арманым,
Ардағым-ай сені жалғыз таңдадым...
Қазылар алқасы құрамында байқаудың негізін қалаған продюсер Мұрат Ерғалиев, бұрынғы жеңімпаздар Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева және тағы басқа өнер иелері болды. Жүлделі орындардан бөлек қатысушыларға, ышталандыру ретінде қала әкімі, «Астана» радиосы, «Хабар агенттігінің» арнайы сыйлықтары табысталды.
А. Сейфулла