Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордадағы сайлау учаскілерінде 500 тәуелсіз бақылаушы жұмыс істемек.

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2019
  • 2007

Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлау учаскілерінде 500 тәуелсіз бақылаушы жұмыс істейтін болады. Олар арнайы дайындықтан өткен. Бұл туралы бүгін «Аманат» азаматтық платформасының елордалық штабының жетекшісі айтты. Шаһар белсенділері мен қоғамдық пікір көшбасшылары өз еріктерімен қосылған. Тіркелген бақылаушылардың басым бөлігі әйелдер әрі зейнеткерлер мен ересектер екен. Оларды 17 капитан өзара теңдей бөліп алған. 

Асылбек ӘБДУРАШИТОВ, «АМАНАТ» АЗАМАТТЫҚ ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Осы уақытқа дейін республиканский штабта екі семинардан өттік. 17 мобильді капитан осы елордамызда 204 ашық учаскіміз бар. Әрбір участокқа 2 адамнан бөлім алдық. Осылай 408 адамды біз основной дайындық ретінде, ал қалған 93 адамды біз резервке алдық. Яғни тәуелсіз сарапшылардың сайлау күні ауырып қалған немесе бір жағдайларға байланысты келмей қалған кезде біз олардың орнын толтырып отыратын боламыз. 

Д. Қайыртай