Русский Сайттың толық нұсқасы

Ә. Қосанов Орал қаласының тұрғындарымен кездесті

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2019
  • 2807

Президенттікке кандидат ӘміржанҚосанов Орал қаласының тұрғындарымен кездесті. Осыған дейін ол Алматы,Қарағанды, Қостанай өңірлеріне барған. «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің үміткері Батыс Қазақстан халқына бағдарламасының басым бағытттарын түсіндірді. Ауылшаруашылығы, әлеуметтік мәселелер мен экономикалық ахуал сөз болды. Қосановтың үгіт-насихат жұмыстары негізінен әлеуметтік желіде. Дегенмен еңбекұжымдарымен бетпе-бет жүздесудің өз артықшылығы бар дейді.

Әміржан ҚОСАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Осы сайлаудың ерекшелігі, еңбекұжымжарымен кездесулер болып жатыр. Ол еңбек ұжымдарының өзінен шығып жатыр.Яғни, біріккен, ұжымдасқан кездесулер болып жатыр. Әр түрлі тақырыптаркөтеріледі. Меніңше, бұл форманың сайлауға түсіп жатқан кандидат үшін пайдалыжақтары бар. Интернет, әлеуметтік желіде сіз экранның ар жағында отырсаңыз,мұнда қарапайым сайлаушыны көзбе көз көресіз.

А. Сейфулла