Русский Сайттың толық нұсқасы

Кандидат С. Түгел Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2019
  • 2357

Еліміздегі барлық заңдар мен құжаттар қазақ тілінде жазылып, шаралар ана тілімізде ұйымдастырылуы қажет. Қарт Каспийдің жағасында Ақтау халқымен кездескен Сәдібек Түгел осылай деді. Президенттікке кандидат ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлы дала мәдениетін жаңғыртуда белсенді болуа шақырып отыр. Және ана тілін білмейтін азамат мемлекеттік қызметке алынбасын, 12 жасқа дейін бала тек ана тілінде білім нәрімен сусындау қажеттігін айты. Жиын соңында жиылған жұртқа өзінің сайлауалды тұғырнамасына қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.  

Орынбасар ҚҰЛБЕКОВ, ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ: 

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте дейді ғой. Сондықтан біз тілге көп көңіл бөлеміз. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылға жақындап қалды, біз әлі орыс тілінде шүлдірлеміз. Енді міне ағылшын, қытайша деп жатыр да. Біз ең бірінші өз тіліміздің мәртебесін көртеруіміз керек. Осы президенттікке үміткер Сәдібек аға осы тіл мәселесін қатты көтеріп жатыр.

Ә, Өмірзақ