Ал Атырауда балық қырғынына кім кінәлі екені ақыры айтылды. Экологиялық апатқа қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің өкілі айтты.
Серік ЖАНҰЗАҚОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАЛЫҚ ҚОРЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДЕН ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Атырау су арнасына соларға келіп тоқтады. Хлордың мөлшерінің көптігіне байланысты. Бұны енді өзіміздің информацимямыз бар солардан түкпілікті алуға болады.
Жанұзақовтың айтуынша, іске нүктені сот қояды. Тергеу органы күдікті санаған «Атырау су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қалалық әкімдікке қарайды. Аймақты ауыз сумен қамтитын м онополист мекеме. Кәсіпорын басшылығы жағдайға қатысты қандай да бір түсінік беруден бас тартты. Естеріңізге салайық, былтыр желтоқсанда аймақта 118 тонна балық қырылып қалған. Оның 108 тоннасы тауарлы бекіре өсіретін зауыт өнімі. Қалғаны Жайық өзенінде өлді. Көктемде мұз астынан қалқып шыққан қызыл балықтың өлексесін коммуналық қызмет өкілдерімен бірге атыраулық еріктілер жинап алған еді.
Б. Нәдірқызы