Русский Сайттың толық нұсқасы

Т. Рақымбеков қала мен ауылдың айырмашылығын азайтудың тың жолын ұсынды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2019
  • 2286

Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков ауыл мен қала арасындағы айырмашылықты азайтудың тың жолын ұсынды. Бұл үшін ауылға жаппай көшудің қажеті жоқ. Арадағы қарым-қатынасты нығайту жеткілікті. Мәселен, шалғай елді мекендердегі жеке шаруашылықтарды жандандырып, солардың өнімін өңдеу ісі аудан не облыс орталықтарында оң жолға қойылуы тиіс. Сонда еліміздің ірілі-ұсақты ауылдарында инфрақұрылымды дамытып, жұмыссыздықты жойып, әлеуметтік жағдайды жақсартуға болады. Бүгінде Қазақстан халқының 43 пайызы ауылда тұрады. Бұл - шамамен 7 миллионнан астам адам. Өкінішке қарай олардың саны жыл өткен сайын азайып барады. Сондықтан, ауылдағы ағайынның жағдайына бей-жай қарамай, тұрмысын түзеу керек.  

Иван КЕНДЮХ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР ТӨЛЕУТАЙ РАҚЫМБЕКОВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ

Төлеутай Рақымбеков ауыл шаруашылығы саласында біраз жыл еңбек етті. Ауылдың жағдайын жетік біледі. Сондықтан сайлауалды бағдарламасында оны шешу жолдарын ұсынған. Солтүстік Қазақстан жұрты оны қызу талқылап жатыр.

Е. Карин