Русский Сайттың толық нұсқасы

Ә. Қосановтың Қызылордадағы штаб өкілдері еңбеккерлермен кездесті

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2019
  • 2007

Президенттікке кандидат Әміржан Қосановтың Қызылордадағы өкілдері жылу электр орталығының жұмысшыларымен кездесу өткізді. Олар тұғырнамадағы саяси бостандық, ұлттық болмыс, жемқорлық, халықшыл экономика тақырыптарын талқылады. Аймақтарды дамыту, еңбек адамының мәртебесі сөз болды. Қазір кандидаттың әсіресе, сенімді өкілдерінің белсенділігі жоғары. Мысалы, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім осыған дейін бірнеше облысты аралап, Қосанов жайлы ақпарат таратумен, науқан туралы түсіндіру жұмыстарымен айналысқан.  

Сәкен АЛДАШБАЕВ, Ә.ҚОСАНОВТЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың Қызылорда бойынша сайлауалды штабының өкілдері Қызылорда жылу электр тарату орталығының қызметкерлерімен кездесіп, Әміржан Қосановтың тұғырнамасындағы бағыттарымен таныстырдық. Ұжым қызметкерлеріне және басшылығына алғысымызды айтамыз.

Наурыз САТХАНОВ, "ҚЫЗЫЛОРДА ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ" МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әміржан Қосановтың штабынан келіп, өздерінің бағыт-бағдарламаларын біздің ұжымдағы жұмысшыларға түсіндіріп жатыр. Енді саяси науқан аяқталғанша жұмысшылар жауапкершілікпен қарайды деп ойлаймын. Енді 9-шы маусымда осы мекенің әр азаматы өз таңдауларын дұрыс жасайды деп ойлаймын .

А. Сейфулла