Русский Сайттың толық нұсқасы

Ж. Ахметбековтың жақтастары флешмоб ұйымдастырды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2019
  • 2367

Ал елордалық жастар күннің суығына қарамастан, Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековты қолдап, флешмоб ұйымдастырды. Қызыл жейделі үгітшілер тобының сөзінше, ауа райының қолайсыздығы коммунистерге кедергі келтіре алмайды. Осылай желпінген жастар спорт алаңдарының бірінде таңғы жаттығуға кірісті. Флешмобқа қатысушылар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының ұдайы дәстүрлі форматта емес, бір кезек таза ауада өткізілгенін қалайды. Өйткені саясатпен айналысу үшін жүйке ғана емес, денсаулық та мықты болуы керек. Акция соңында партиялықтар Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды бағдарламасын баяндап, партия жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды.  

Нұрмахан ОРАЗХАНОВ, ҚКХП НҰР-СҰЛТАН Қ. САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ:  

Біздің партия әрқашан да салауатты өмір салтын қолдайды. Жастар күні кешке дейін интернет алдында отырмау керек. Яғни осындай іс-шаралар арқылы жастардың арасында, жалпы халықтың арасында салауатты өмір салтын насихаттауымыз керек.

Е. Карин