Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі көпбалалы және жалғызбасты аналардың кәсіп бастауына көмектесті

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2019
  • 2525

Елордада үшінші топ мүгедегі, жалғызбасты ана Гүлнұр Жалғасова балмұздақ бизнесін бастады. Оның бұл бастамасына қала әкімдігі мен кәсіпкерлер қолдау көрсетікен. 7 жыл пәтер жалдап тұрған ана денсаулығына байланысты бірнеше жұмыс орнын ауыстыруға мәжбүр болғанын айтады. Әркім өз отбасын өзі асырауы керек деген ол кәсібін дамытып, өзім секілді мүмкіндігі шектеулілерді жұмысқа тартқым келеді дейді.

Гүлнұр ЖАЛҒАСОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өзім еңбек етіп, бұрындары жұмыс істеп, кішкене ақша жинап дегендей. Сол жиналған ақшаға осы оборудованиелерді сатып алдым. Содан кейін уже орын іздеп, әкімшіліктен көмек сұрадым осындай орын болса деп. Өз күнімді өзім көргенім дұрыс деп. Әкімшілікке рақмет осы жерді берді.

Айта кетсек, жыл басынан бері қала әкімдігі кәсіпкерлермен бірлесіп 12-ге жуық көпбалалы, жалғызбасты аналарға кәсібін дөңгелетуге көмектескен.   

Ә.Өмірзақ