Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 500-ден астам сайлау учаскесі ашылды

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2019
  • 1716

Алматыда 500-ден астам сайлау учаскесі ашылды. Сайлаушылар таңмен таласып дауыс беріп жатыр. Олар негізінен отбасы мүшелерімен келді. Дауыс бергендердің арасында мәдениет, спорт қайраткерлері мен әртістер бар. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, мегаполистегі сайлаушылар тізімінде 1 миллионнан астам адам бар.

Шөмішбай САРИЕВ, АҚЫН: 

Ертерек келіп тұрмыз. Бұл Президенттік сайлау деген - ұлы жауапкершілік. Ол бүгінімізді, ертеңімізді, болашағамызды, біздің ұлтымызды, халқымызды, мемлекетімізді осындай үлкен дәрежеге жеткізетін іс. Біз дауыс берген адам сол жеңіске жетеді деген сенеміз.

Г. Меңдеева