Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміз үшін маңызды саяси додада шымкенттіктер де белсенділік танытып жатыр

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2019
  • 3084

Еліміз үшін маңызды саяси додада шымкенттіктер де белсенділік танытып жатыр. Миллион тұрғыны бар шаһарда бүгін ұзын саны 568 мың 794 сайлаушы өз таңдауын жасайды. Дегенмен жастардың белсенділігі жоғары. Қазір байланыста әріптесім Айзада Төребекқызы кезек күтіп тұр.  

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Мен тұрған Шымкенттегі № 92 сайлау учаскесі. Мұнда 2 504 сайлаушы тіркелген. Таңғы жетіден осы аумаққа қарасты тұрғындар өз таңдауын жасауда аса белсенділік танытуда.

Алғаш болып шаһар басшысы мұнда қадам басты. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің қарамағындағы әріптестерімен келіп, дауыс берді. Жалпы  жастардың белсенділігі жоғары екенін айтып өткім келеді. Биыл 18 жасқа толқандар осы саяси додаға үлес қосып жатқандарын мақтаныш етеді. Олар үшін бүгінгі күн мереке. Тіпті толқып та тұр.    

Дана ӘБДУАЗИМОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, 18 ЖАСТА: 

Менің жасым 18-де. Мен алғашқы рет Президент сайлауында дауыс беріп тұрмын. Маған, мен үшін, жастар үшін бұл өте маңызды нәрсе. Сол үшін мен өте қуаныштымын. Өз таңдауымды жасаған үшін мен өте қуанып тұрмын.

Диас НАХОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, 18 ЖАСТА: 

Бүгінгі сайлаудың маңыздылығы ол тек қана мен үшін емес, бүкіл Қазақстан халқына маңызды деп ойлаймын және де бүгінгі сайлауда біз тек қана өзіміздің Президентімізді емес, болашағымызды таңдаймыз деп есептеймін.

Мұнда алғашқы бір сағаттың өзінде дауыс бергендердің саны жүзден асты. Биылғы сайлаудағы бір ерекшелік мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы кабиналардың жабдықталғаны екенін белгілі. Әзірге олар келмеді. Көпшілігі үйде дауыс беруге өтінімдер жіберген.    

Гүлназ ӘБІЛДАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ № 92 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

Яғни өз өтініштері бойынша сайлаушыларымыздың үйлеріне барып 12-ден кейін ол жақта да үйде де сайлауды жүргізуге мүмкіншілік алады.-дауысты үйге барып аласыздар? -Дауысты үйге барып аламыз, мүмкіншіліктері шектеулі, денсаулығына байланысты немесе денсаулығына байланысты адамға қарап жатқан адам болатын болса бүгін сағат 12-ге дейін олар өтініштерін беруге әлі мүмкіншіліктері бар. Қазірге 35 өтініш берілді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Айта кетейін, Шымкентте 260 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлау учаскелері аурухана, уақытша ұстау абақтысы сынды жабық мекемелерде де орналасқан. Менде әзірге осы, Ләйлә!