Русский Сайттың толық нұсқасы

GGG жеңісі

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2019
  • 1620

Тап осы уақытта Генадий Головкин елімізге тағы да жеңіс сыйлады. Ол бұған дейін бірде бер рет жеңіліп көрмеген канадалық Стив Ролсты 4-раундта нокаутқа жіберді. Осылайша кәсіпқой деңгейде 39-шы кездесуін өткізген Трипл джи өз қоржынындағы нокауттар санын 35-ке жеткізді. Шетелдік сарапшылар отандасымыз бұл жекпе-жектен 15 миллион долларға жуық сыйақы алады деп жазып жатыр. Айта кетейік, Геннадидің Нью-Йорктегі "Мэдисен свер гарденде" болған жекпе-жегін еліміздегі барлық сайлау учаскелері түгелдей дерлік тікелей эфирде көрсетті. Дауыс беруге келген жанкүйерлер оны осы жерден тамашалады.

Абзал ТӘЖІМБЕТОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Бүгін сайлауға келіп дауысымды беріп шықтым. Және де біз үшін маңызды қуанышты сәт бүгінгі рингке шығуы. Жеңіс тілеп, болет етіп отырмыз. Гена алға! Қазақстан алға!

Ә. Өмірзақ