Русский Сайттың толық нұсқасы

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2017
  • 6643

Алматыда жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген 118 жарымжанның 116-сы жұмысқа орналасқан. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Қарасай аудандық филиалының өкілдері айтты. Мүгедек жандар "Кедергісіз келешек" бағдарламасы аясында жұмысқа тұрғызылған. Бүгін "Өмірге жолдама" деп аталатын еңбек жәрмеңкесіне екі қолға бір күрек іздеген 50-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат келді. Мақсат - олардың қабілетіне сай қажетті мамандық табу, көмек көрсету. Ол үшін өңірдегі кәсіпорын жетекшілері шақыртылған. Аудандық партия төрағасының бірінші орынбасарының мәліметінше, Қарасай ауданында 4 904 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Оның 1643-і жұмысқа жарамды. Әр тоқсан сайын өткізілетін осындай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі сол азаматтарды барынша жұмыспен қамтуды көздеп отыр.

Ықылас Амалбек, «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Біздің басты мақсатымыз - мына бүкіл қоғамның көңілін бұру. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйінде бос отырмай, кішкене құлшынып, ол кісілердің құлшынысы өте жоғары. Қысқа мерзімді курстар бар. Әр мамандыққа сәйкес. Сол курстардан өткізіп, қажет етіп отырған кәсіпорынға мамандарды даярлап, осы жерде меморандумға отырғызып, сол кәсіпкерлерге, кәсіпорындарға жібереміз.