Қазақстандағы Президенттік сайлаудың Демократиялық сипатта өтуі күмән тудырмайды. Бұл пікірді ТМД елдері бақылаушылары миссиясының өкілі Игорь Филькевич білдірді. Тәуелсіз сарапшылар Нұр-Сұлтандағы бірқатар сайлау учаскілерінде болып, қала тұрғындарының сайлауға қатысу белсенділігін жоғары бағалады. Олардың жүргізген есебі бойынша түскі уақытта астанадағы сайлаушылардың 20 пайызы өз таңдауларын жасап үлгерген. Ал кешкі 18.00-ге қарай бақылаушылар тұрғындардың 60 пайызы дауыс береді деп болжады. Сондай-ақ олар дауыс беруге жаста мен қатар егде жастағылар да белсенді қатысқанын айтты.
Игорь ФИЛЬКЕВИЧ, ТМД ЕЛДЕРІ МИССИЯСЫНЫҢ БАЙҚАУШЫСЫ :
Біз барған учаскелердің бірінде сайлауға алғаш рет қатысқан адамға сыйлық берді. Қазақ халқы дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын және бұл сайлаудың демократиялық сипаты күмән тудырмайды. Сайлауға алғаш рет әйел кандидат қатысатынын атап өтуге болады, бұл да демократиялық тұрғыдан дамып келе жатқан Қазақстан үшін маңызды.
Ал Румыниядан келген Валерий Стериу нашар көретін және қағыс еститін азаматтардың дауыс беруі үшін жасалған жағдайларды атап өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы қойылған құрылғыларды саясаткер алдағы уақытта өз еліндегі саяси науқандарда пайдалану ниетін білдірді.
Валерий СТЕРИУ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫ (РУМЫНИЯ):
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан халық дауыс беру үшін сайлау учаскілеріне барды. Олар осылайша өздерінің демократиялық құқығын іске асырып отыр. Мені таңқалдырғаны мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайлар. Көзі нашар көретін, соқыр және құлағы естімейтін зағип жандардың дауыс беруіне де мүмкіндік беріліп отыр. Процесс мүлтіксіз жұмыс істеді. Біз де бұл турасында ойланып қалдық.
Н. Біләл