Саяси науқан заң аясында өтіп жатыр. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің мүшелері осылай деп отыр. Бүгін олар 10-нан астам сайлау учаскесіндегі процесті бақылады. Халықаралық байқаушылар тобындағылардың тең жартысы аймақтарға ат басын бұрған.
Гисмат ГЮЗАЛОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫ /ТҮРКИЯ/:
15-20 шақты сайлау учаскесін аралайтын шығармыз. Бұған дейін барған учаскелерде ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз. Жұрт көтеріңкі көңіл-күймен келді. Ертең баспасөз конференциясын өткізіп, өз бағамызды беретін боламыз.
Алмазбек ЕРГЕШОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫ /ҚЫРҒЫЗСТАН/:
Адам саны көп болатынын байқап тұрмыз. Кезек қалыптасты. Халық белсенділігі жоғары. Біз әлдекімнің заң бұзып жатқанын байқаған жоқпыз.
Г. Меңдеева