Бүгін Өскеменде Чернобыль атом
электр стансасындағы апатты қалпына келтіруге қатысқан азаматтар студент
жастармен кездесті. Шығыс Қазақстан мемлекеттік универститетінде білім алатын
болашақ физиктер мен ядролық химия
саласының мамандарына аға буын өкілдері өз естеліктерін айтып, өткен күндерден
сыр шертті.
26 сәуір күні Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың
орын алғанына 30 жыл толады. Ол кезде сыртқа тараған радиоактивті қалдықтар
көлемі Хиросима мен Нагасакидегі алапат оқиғадан бірнеше есе күшті болған еді.
900 мыңға тарта адам жойқын апатты қалпына келтіруге қатысты. Олардың 2 мыңдайы - шығысқазақстандық азаматтар. Апатты қалпына келтіру кезінде түсірілген
фотосуреттер мен құжаттардан ауыр да азапты жұмыстардың тәулік бойы тынымсыз
жүргізілгенін байқауға болады. Бұл науқанға жұмысшылармен қатар әскерилер мен
ғалымдар да тартылды.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА