Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламамен несие ала алмай сандалып жүр

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2019
  • 1781

Ақтөбелік кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын дамытуға несие ала алмай отыр. Олар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржы алып, шаруаларын дөңгелетпек болған. Бірақ кәсіпкерлер іргелес ауылдардың қалаға қосылуынан несиеден қағылдық деп отыр. Былтыр наурызда облыс орталығы шекарасын кеңейтіп, маңайындағы 5 ауылдық округ қала статусын алған еді. Ал бұл кәсіпкерлердің жоспарын күл-талқан еткен.  

Жұмақұл ЮСУП, КӘСІПКЕР:

«Кредит ала алмай жүрміз. Грубо айтқанда жаз бітті енді. Пока кредит аламын дегенде сентябрь болады. Сентябрде алған малда қыс бойы артық шығынмен аласың. Биылғы наурыздан бастап Астана мен Алматыға бөлініп кетуіне байланысты. Қазір городской чертаға кіріп кетті. Соған байланысты бізге кредит алу қиындап кетті».

Жергілікті атқамінерлердің айтуынша, «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2017-2021 жылдар аралығына республика қазынасынан облысқа екі миллиардтан астам қаражат бөлінген. Сондай-ақ аталған бастама тек ауыл кәсіпкерлерін қаржыландырылуға ғана бағытталыпты. Сондықтан тұрғылықты жері қалаға енгендер несиесіз қалған.

Нұрлан ҚОСМАҒАМБЕТОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

«Негізі қалада кәсіпкерлер көп. Оларда қаражатты бөліп, өз жұмыстарын атқаруға болатын еді. Жиналыста айтылды. Правилаға өзгерістер енгізілсе, бізге көрсетілсе, біз кәсіпкерлерді қаржыландыруға, қолдауға дайынбыз».

Б. Рахметова